Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Белградтағы әлем чемпионатында өзбекстандық қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Рrosports.kz.

1/8 финалда 92 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Оралбай этникалық қазақ Мадияр Саидрахимовпен кездесті. Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокдаунға түсірді.

Бірақ кейін Саидрахимов басымдықты өз қолына алып, Оралбай нокдаунға түсті. Ал шешуші үшінші раундта өзбекстандық боксшы басымдық танытты. Айбек 1:4 есебімен жеңілді.