Қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов 2021 жылы Белградта (Сербия) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалындағы қарсыласын білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда 71 келіге дейінгі салмақта Шымбергеновтің қарсыласы жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған 19 жастағы украиналық боксшы Юрий Захареев болады. 2021 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Захареев Испания өкілі Юба Сиссоко Ндиайеден басым түсті - 5:0. Ширек финалдық жекпе-жек 2 қарашада өтеді.

Еске салайық, Асланбек Шымбергенов әлем чемпионатының ширек финалында Германия өкілі Магомед Шахидовты ұтты.