«Тобылдың» бас бапкері Александр Москаленко ел чемпионатының 26-туры аясында «Ақжайықпен» өткен (0:2) матч туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы қостанайлық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

– Бірінші таймның басында психологиялық проблемаларға тап болдық, атап айтқанда қателесуден қорықтық, жеңіске жетудің маңызы жоғары болды ғой. Бірақ тайм ортасына таман жігіттер өзіміздің футболды ойнай бастады. Олардың ойынның әр сәтіне команда ретінде жауап бергендері ұнады. Тыңнан шыққан ойыншылар жақсы көмектесті, олар команданың шабуыл әлеуетін жаңартты.

Ұзақ қашықтықты еңсеріп, ойын барысында қолдау көрсеткен жанкүйерлерге үлкен рахмет! Бұл – бүкіл Қостанайдың және бізді қолдап, уайымдаған әр адамның жеңісі. Осындай маңызды жеңіс үшін командаға рахмет айтқым келеді, - деді бапкер.