«Ақтөбенің» капитаны Юрий Логвиненко «Каспийге» қарсы матч (1:5) туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Ең алдымен жанкүйерлерімізден кешірім сұрағым келеді. Мен мұндай нәтижені ең жаман түсімде де көрмедім. Сондықтан, қандай жағдай болмасын, матчтың соңына дейін бізді қолдағандарыңыз үшін көп рақмет. Біз қатты тырыстық, маусымды жақсы көңіл-күймен аяқтау үшін алғашқы минуттардан жақсы ойын көрсетіп, қажетті нәтижеге қол жеткізгіміз келді.

Маусымның соңғы ойыны болды, өз алаңымызда Бірақ осылай болды, матч барысы өзгерді. Мен ештеңе айта алмаймын, бірақ тағы да кешірім сұрап, барлық жауапкершілікті өз мойныма алғым келеді. Біз кінәлі адамды іздемейміз. Біз бір командамыз, сондықтан бәріміз бірге кінәліміз. Мұндай кездесулер қайталанбауына тырысамыз.