Елордалық «Астана» клубының армениялық ойышысы Тигран Барсегян каталондық «Эспаньол» командасына ауысуы мүмкін. Бұл туралы армениялық журналист Роберт Гаспарян хабарлады.

Дереккөздің мәлімдеуінше, қос тарап келіссөздер жүргізуде және жақын арада Барсегян Испания чемпионатына ауысуы бек мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, Тигран «Қайрат» — «Астана» матчында жанкүйерлерді қорлайтын әдепсіз әрекетке барғаны үшін бір айға қазақстандық футболдан шеттетілген еді.

28 жасар ойыншы «Астанада» 65 ойын өткізіп, 15 мәрте мергендігімен көзге түсіп, 16 нәтижелі пас берген.