Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының 2021 жылғы маусымы мәресіне жетіп, Қостанайдың «Тобылы» ел чемпионы атанды.

Соңғы турда Оралда «Ақжайықтан» басым түскен «Тобыл» 61 ұпай жинады. Күмісті қанжығалаған «Астана» 57 ұпаймен қалды. Қола жүлде былтырғы чемпион «Қайраттың» қанжығасында кетті.

Осылайша Александр Москаленко баптаған қостанайлық ұжым 2010 жылдан кейін алғаш рет чемпион атанып отыр.