Осы күндері Францияның Версаль қаласында есту қабілеті нашар спортшылар арасында дзюдодан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыста 26 елден келген 150-ден астам спортшы кім мықтыны анықтайды.

Аға жаттықтырушылар Болат Данияров пен Самат Апаковтың жетекшілігімен Қазақстан атынан 14 дзюдошы аттанған еді. Қазақстандық татами шеберлері жарыстың алғашқы күні жүлделі орынға ие болды. Дзюдошы Әлдібек Нұрмұхаммед 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болса, 70 келіге дейінгі салмақта Шаяхмет Қанапиянов 3-орынды иеленді.

Бағдарламаға сәйкес, 29 қазан, жұма күні келесі салмақ дәрежесінде жекпе-жектер өтеді:

Әйелдер: -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг.

Ерлер: -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг.

Ал сенбі, 30 қазанда «Ката» бағдарламасы бойынша жарыс өтеді. Айта кетейік, 28 қазанда басталған чемпионат 30 қазанда аяқталады. Әлем чемпионатын келесі сілтемелер арқылы тікелей эфирде тамашалауға болады: