Қазақстандық боксшылар Рай Сейітжанов (8-0, 5 КО) мен Талғат Шайкен (6-0, 4 КО) Лондонда (Англия) жекпе-жекке дайындықты жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшылардың жергілікті тәлімгер Уилл Джонстың залында жаттығып жүр. Сейітжанов Instagram парақшасында жаттықтырушымен бірге түскен суретін жариялап, дайындық жұмыстары басталғанын хабарлады.