30 қазанда «Барыс» хоккей клубы ҚХЛ аясында кезекті ойынын өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Елордалық клубтың кездекті қарсыласы - «Амур».

«Барыс» бұл маусымда 24 ойыннан кейін 21 ұпай жинап, Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 9-орында тұр. «Амурдың» еншісінде де 21 ұпайы бар, бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша төмен болғандықтан, оныншы орынға жайғасқан.

«Амур» – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 13:00-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады.