Қазақстандық боксшы Айбек Оралбайдың әлем чемпионатындағы келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

92 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Айбек 1/8 финалда Өзбекстан өкілі Мадияр Саидрахимовпен кездеседі. Бір қызығы, Мадияр Саидрахимовтің ұлты қазақ.

Айбек Оралбай алғашқы жекпе-жегінде польшалық Матеуш Березницкиді жеңді.

Айта кетейік, Оралбай мен Саидрахимов арасындағы жекпе-жек 31 қазанда өтеді.