Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Брестте (Франция) өтіп жатқан ATP Challenger Tour турнирінде украиналық Денис Молчановпен бірге жұптық сынның финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олар жартылай финалда франциялық Садио Думбия мен Фабьен Ребулдан жеңілді.

1 сағат 33 минутқа созылған кездесу 6:7 (12), 2:6 есебімен аяқталды.