Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалында қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан кіммен кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

20 жастағы қазақстандық ресейлік Құрбан Байранбековті жеңген шотландиялық Мэттью МакХейлмен жекпе-жек өткізеді. Бұл жекпе-жекте жеңген ширек финалға жолдама алады. Сабырхан мен Макхэйл арасындағы жекпе-жек 31 қазанда өтеді.