Қазақстандық жүзуші Әділбек Мусин Қазанда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің финалистері қатарына кірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 1 минут 58,57 секунд уақытын көрсетті, бұл қашықтықта Қазақстан үшін жаңа рекорд болып отыр.

Жартылай финалдың қорытындысы бойынша Мусин жетінші орын алды.

Фото olympic.kz