Қазақстандық спортшы Италияда өткен кикбоксингтен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Берік Қалықов ШҚО төтенше жағдайлар департаментіне қарасты Семей қаласындағы №40 өрт сөндіру бөлімінде жүргізуші болып жұмыс істейді.

«26 жастағы өрт сөндіруші үнемі спортпен айналысып келеді. 15-24 қазан аралығында Италияда кикбоксингтен өткен Әлем чемпионатында өнер көрсетіп келді. Жарысқа 65 елден 1600 спортшы қатысты. Берік Қалықов Қазақстан намысын қорғап, қола жүлдегер атанды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.