Бокстан ұлттық құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Абылайхан Жүсіпов 67 келіде қолғап түйістіруде. Ол екінші айналымда Венесуэла спортшысы Кристиан Паласионы 5:0 есебімен ұтты.

Айта кетерлігі, Гурген Мадоян (Армения) мен Дамиан Дуркач (Польша) жұбының жеңімпазы ұлттық құрама капитанының келесі айналымдағы қарсыласы атанады.