Сербия астанасы Белградта бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Төртінші жарыс күнінінде қазақстандық үш боксшы рингке шығады. Күндізгі сессияда аса ауыр салмақтағы (92 келіден жоғары санат) Нұрлан Сапарбай 1/16 финалда жұдырықтасады, оның қарсыласы Испания өкілі Аюб Эль-Айсауи болады.

Кешкі сессияда 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Серік Теміржанов 1/16 финалда жапониялық Рейто Цуцуми кездеседі. Ал 67 келіге дейінгі салмақтағы Абылайхан Жүсіпов венесуэлалық Кристиан Паласиомен жұдырықтасады.

Күндізгі сессияның тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де, ал кешкі сессия 23:05-те басталады. Жекпе-жектерді тікелей эфирде мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.