Шорт-тректен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде әйелдер арасында 500 метрге жүгіруден алғашқы кезең өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық үш спортшы да жарыстың келесі кезеңіне шыға алмады. Яна Хан (46.982) мен Алена Волковицкая (45.874) өз топтарында төртінші орын алды, Әлия Әмірғалиева бесінші (47.133) болып жетті.

Екінші кезеңге әр топтан алғашқы екі спортшы мен үшінші келгендердің үздіктері өтті.

Фото isu.org