Аустралиялық «Аделаида Юнайтед» футболшысы Джошуа Кавалло каминг-аут жасап, қазіргі кәсіпқой футболшылар арасында гей екенін ашық айтқан алғашқы ойыншы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен футболшымын және геймін. Менің қалайтыным - тек футбол ойнау және маған жұрттың басқа адамдармен бірдей қарауы. Ешкімге тіс жармай жүрген басқа да ойыншылар барын білемін. Мен мұны өзгертіп, әр адам футбол ойнай алатынын көрсеткім келеді», - деді 21 жастағы футболшы бейнеүндеуінде.

Футболшыға «Ювентус», «Арсенал», «Барселона», «Ливерпуль» секілді клубтар қолдау білдірді.