Алматылық «Қайраттың» Конференция лигасы топтық кезеңіндегі қарсыласы «Базель» Швейцария кубогының 1/8 финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Базель» елдің үшінші дивизионында ойнайтын «Этуаль» командасынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Жалғыз голды 62-минутта Ромен Курснер соқты.

Осылайша, «Қайраттың» қарсыласы Швейцария кубогымен қош айтысты.

«Базель» мен «Қайрат» 1 қазанда кездескен, сол кезде швейцариялықтар 4:2 есебімен жеңген болатын.