Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов (51 келі) бокстан әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Боксшы Instagram Stories-те жанкүйерлеріне үндеу жасады.

«Ассалаумағалейкум! Алғашқы жеңісіммен құттақтап, қолдап жатқандарға рақмет. Құдай қаласа, әлі төрт жекпе-жегім бар. Бұл әлі басы. Жауап бере алмай жатқаным үшін кешірім сұраймын. Біздің боксшыларға жанкүйер болыңыздар», — деп жазды Бибосынов.

Еске салайық, Белградтағы әлем чемпионатында ол өзбекстандық Хасанбой Дусматовты жеңіп, 1/8 финалға шыққан болатын.