Жапонияда көркем гимнастикадан әлем чемпионаты басталды. Бүгін көпсайыстан іріктеу кезеңінің бірінші кезеңі өтті деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл сында Қазақстан намысын Эльжана Таниева мен Дильназ Байленова қорғап жатыр. Бірінші жарыс күнінде спортшылар доп және шығыршықпен жаттығудан сынға түсті.

Алайда, біздің гимнастар финалға өте алған жоқ. Эльжана Таниева әзірге 18-ші, Байленова 29-шы орында.

Көш басында – ресейлік Дина Аверина.