Халықаралық дәрежедегі төреші Марғұлан Адай «Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы» ҚБ Төрешілер алқасының төрағасы болып тағайындалды.

Адай осы лауазымда жылдың басынан бері қызмет еткен әріптесі Нұрлан Қалтаевты алмастырды. Осылайша, Қалтаев және Ғани Ибраимов Алқа мүшелері болып қалады.

Естеріңізге сала кетейік, Федерацияның Төрешілер алқасының қазіргі құрамы қаңтар айында үш жылдық мерзімге сайланған болатын. Алқа төрағасы жыл сайынмүшелерді ауыстыру бойынша сайланады.