Қазақстандық екі шабандоз Дмитрий Груздев пен Артем Захаров Astana Qazaqstan Team командасымен келісімшартын тағы екі маусымға (2022 және 2023) ұзартты, деп хабарлайды Рrosports.kz команда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін 30 жасқа толған Артем Захаров «Астанаға» 2017 жылы қосылған болатын.

35 жастағы Дмитрий Груздев өзінің 11-ші маусымын қазақстандық команда құрамында бастауға дайындалып жатыр.