Өзбекстандық Olamsport.com порталында бокстан әлем чемпионатында Хасанбой Дусматовтың қазақстандық Сәкен Бибосыновтан жеңілісіне қатысты пікір жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz

«Жаңа ғана 2016 жылғы Рио Олимпиадасының жеңімпазы Хасанбой Дусматов рингте Токио Олимпиадасының жүлдегері Сәкен Бибосыновпен жұдырықтасады. Өкінішке қарай, отандасымыз жеңіліп қалды.

Төрешілер жекпе-жекте басымдық танытқан боксшымыздың жеңісін байқамады. Амал не, Дусматов әлем чемпионатының алғашқы құрбаны болды», – деп жазды басылым.