UFC-дегі қазақстандық файтерлер Сергей Морозов пен Жалғас Жұмағұлов келесі жекпе-жектеріне дайындықты бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшылар Майамиге (Флорида, АҚШ) аман-есен жетіп, American Top Team залында жаттығуды бастады. Жұмағұлов Instagram парақшасындағы Srories бөлімінде жаттығудан түскен суреттерін жариялады.