2022 жылғы Қысқы Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті Ойын жеңімпаздарына берілетін медальдардың дизайнын ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сонымен қатар, ұйымдастыру комитеті Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары алатын сыйлықтардың дизайнын ұсынды. Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-20 ақпаны аралығында Бейжіңде, Паралимпиада ойындары 4-13 наурыз аралығында өтеді.