«Барыстың» шабуылшылары Кертис Волк пен Мэттью Фраттиннің келісімшарт сомасы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

Инсайдер Артур Хайруллиннің айтуынша, Кертис Волк жылына 33 (202,61 миллион теңге) миллион рубль алады. Оның командалас әріптесі Мэттью Фраттин сәл аз – бір маусымда 30 миллион рубль (184,20 миллион теңге) табады.

Кертис Волк астаналық команда сапында 2018 жылдан бері ойнайды. Осы маусымда өткізген 23 ойыннан кейін ол 23 ұпаймен (7 гол, 16 нәтижелі пас) лигадағы үздік 15 бомбардирдің қатарына енді.

Мэттью Фраттин маусымдағы 21 матчта бар болғаны 4 (3+1) ұпай жинай алды. Бұған дейін «Барыстың» жалақы бюджеті 480 миллион рубльді (≈ 2,9 миллиард теңге) құрайтыны белгілі болды.