Қазақстан ұлттық құрамасында қақпашыларды баптаған Виталий Кафанов «Ростов» командасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Заур Тедеев негізгі команданың аға жаттықтырушысы болып жұмыс істейтін болады.

Виталий Витальевич «Ростовта» 2015 жылдан 2017 жылға дейін, сондай-ақ 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеді.

«Виталий Кафанов пен Заур Тедеевке «Ростовтың» жаттықтырушылар штабында табысты жұмыс тілейміз», - деп жазады клубтың баспасөз қызметі.