Қазақстандық боксшы Геннадий Головкинн мен мексикалық Сауль Альварес арасында үшінші жекпе-жек өтпеуі мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Boxingnews24.com сайтының тұрақты авторларыны бірі Чарльз Бран Головикн «Канеломен» тағы бір мәрте кездесу мүмкіндігінен өзі айырылып қалды деп есептейді.

«Қалай болғанда да Головкиннің «Канеломен» үшінші жекпе-жек өткізетін мүмкіндігі болды, бірақ ол рингкке көп шықпай, оның үстіне әлсіз қарсыластармен кездесіп, бұл мүмкіндіктен айырылып қалды. Головкиннің әлсіз қарсылас таңдап, сирек жекпе-жек өткізіп мансабының соңғы үш жылын босқа өткізгені өкінішті», - деп жазды автор.

Айта кетейік, қос қарсылас екі рет жұдырықтасты. Алғашқы жекпе-жекте тең аяқталды, ал екіншісінде Альварес төрешілер шешімімен жеңіске жетті.