Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов әлем чемпионатының 1/16 финалында жапониялық Реито Цуцумимен жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

52 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Теміржанов 1/32 финалда моңғол боксшысы Энх-Амар Хархууды төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Енді келесі кезеңде ол жапониялық Реито Цуцумимен күш сынасады. Цуцуми биыл жастар арасында әлем чемпионы атанып, турнирдің үздік боксшысы болған.