Бүгін Белградта бокстан ерлер арасындағы 21-ші әлем чемпионаты басталады. Жаңадан тағайындалған бас жаттықтырушы Қайрат Сәтжановтың басшылығымен Қазақстан құрамасы турнирде жүлделі орындарға таласады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Біріншіліктің ресми ашылу салтанатына шақырылған қонақтардың қатарында Сербияның спорт министрі мен әйгілі американдық боксшы Рой Джонспен бірге қылмыс әлемінде «Дикий Арман» атымен танымал қазақстандық Арман Жұмагелдиевтің де бар екенін атап өткен жөн.

Тиісті жазбаны Instagram парақшасында Жұмагелдиевтің өзі жариялады.

Назар аударыңыз, «Дикий Арман» бір кездері бокспен айналысқан. 2001 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатына барып, онда ширек финалда ұтылған.