Испания Ла лигасының 10-туры аясында «Барселона» өз алаңында «Реал Мадридтен» 1:2 есебімен жеңілді, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында «Барселонаның» негізгі жартылай қорғаушысы Френки де Йонг жарақат алып қалды.

Негізі Эль-Класикоға дейін де Френкидің жарақаты болған. Бірақ ол «Реалмен» ойында 77 минут алаңда өнер көрсетіп, жарақатын асқындырып алды.

Енді 24 жастағы ойыншы «Райо Вальекано» (27 қазанда) мен «Алавеске» (30 қазан) қарсы матчқа қатыспауы мүмкін.

Айта кетейік, осы маусымда Де Йонг «Барселона» жейдесінде 11 кездесуге қатысты.