Футзалдан Испания чемпионатының үшінші турында Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан Да Силва ойнайтын «Эль-Посо» «Мансанаресаны» 6:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тайнан бұл матчтың 25 және 34-минутта гол соғып, дубль авторы атанды. «Қайраттың» тағы бір экс-ойыншысы Лео Сантана бір гол соқты.

Тайнан «Эль-Посо» сапына биыл шілдеде қосылған болатын.