Англия чемпионатының тоғызыншы турының орталық матч Манчестер қаласында өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Ливерпуль» командасынан 0:5 есебімен ойсырай ұтылды. Голдарды Наби Кейта, Диегу Жота және Мохамед Салах (3) соқты.

Тоғыз турдан кейін 21 ұпайы бар «Ливерпуль» екінші орынға көтерілді. Көшбасында - «Челси».

«МЮ» 15 ұпаймен жетінші орынға сырғыды.