Атлантадағы (АҚШ, Джорджия штаты) State Farm Arena-да америкалық боксшылар Джамел Херринг (23-2, 11 КО) пен Шакур Стивенсон (16-0, 8 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports. kz.

WBO тұжырымы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жек он раундтқа жалғасты. Херрингтің қасы жарылып, қан тоқтамағандықтан төрешілер кездесуді тоқтатты.

Осылайша, Стивенсон техникалық нокаутпен жеңіске жетті (Жекпе-жек тоқтаған кезде Boxingscene есебі бойынша Шакур 89:82 есебімен жеңіп жатты).