Бүгін, 24 қазанда Қазақстан чемпионатының 25-туры аясында 7 матч өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Кездесулер Алматы, Атырау, Тараз, Қостанай, Түркістан, Ақтау және Қызылордада өтеді.

Чемпионаттың аяқталуына екі тур ғана қалды. Чемпиондыққа талас «Астана» мен «Тобыл» арасында өтіп жатыр. Қос команданың арасын жалғыз ұпай бөліп тұр. Сондықтан бүгін Алматы мен Қостанайда өтетін ойындар аса маңызды болмақ.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:00-де «Қайрат» - «Астана», «Тобыл» - «Шахтер», «Атырау» - «Қызыл-Жар», «Тараз» - «Ордабасы» және «Тұран» - «Ақтөбе» ойындары басталады. Ал 17:00 -де «Каспий» - «Ақжайық», 19:00-де «Қайсар» - «Жетісу» матчы өтеді.

15:00. «Қайрат» (Алматы) – «Астана» (Нұр-Сұлтан)

15:00. «Тобыл» (Қостанай) – «Шахтер» (Қарағанды)

15:00. «Атырау» – «Қызыл-Жар» (Петропавл)

15:00. «Тараз» – «Ордабасы» (Шымкент)

15:00. «Тұран» (Түркстан) – «Ақтөбе»

17:00. «Каспий» (Ақтау) – «Ақжайық» (Орал)

19:00. «Қайсар» (Қызылорда) – «Жетісу» (Талдықорған)

Фото fcastana.kz