Жартылай орта салмақтағы ресейлік файтер, этникалық қазақ Ілияс Хамзин (7-2) Екатеринбордағы (Ресей) RCC Intro 17 турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы бразилиялық Мичел Силва (22-9-1) болды. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген, Хамзин қарсыласын төрешілер шешімімен жеңді.

Осылайша, Хамзиннің ММА-де еншісінде сегіз жеңіс пен екі жеңіліс бар.