23 қазанда Екатеринбургте аралас жекпе-жектен RCC Intro 17 турнирі өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде этникалық қазақ Ілияс Хамзин (7-2) бразилиялық Мишел Силваға (22-9-1) қарсы жұдырықтасады.

Жартылай орта салмақта өтетін жекпе-жек үш раундқа жоспарланған. Турнир Нұр-Сұлтан уақытмен 17:50-де басталады.