Футбол мен футзалдан Қазақстан құрамаларының спортшылары әйелдер құрамасына алдағы ойындарда сәттілік тіледі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін, 22 қазанда, елорда уақытымен 17:00-де Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Грекиямен күш сынасады.