Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (14-0) 6 қарашада Ақтау қаласында өтетін алдағы жекпе-жекке дайындықты жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұрсұлтанов Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері Әділбек Ниязымбетовпен спарринг өткізді. Тренингтің видеосы Adal Promotions промоутерлік компаниясының Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

Келесі жекпе-жекте Нұрсұлтанов Беларусь өкілі Дмитрий Атроховпен (16-11) жұдырықтасады.