Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мәскеуде өтіп жатқан WTA турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп жазады Prosports.kz.

Отандасымыз бірінші айналымда чехиялық Маркета Вондроусовадан жеңілді.

1 сағат 24 минутқа созылған кездесу 4:6, 4:6 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры 565 мың доллардан асады.