«Барыс» хоккей клубы ҚХЛ аясында Минскте «Динамомен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында 6:5 есебімен алаң иелері жеңіске жетті.

Елордалық команда бірінші периодта тең түсіп, екінші периодта жеңіске жеткен еді. Алайда ойынның шешуші бөлігінде ала қожайфндары 3:1 есебімен жеңіске жетті. Қорытынды есеп - 6:5.

Айта кетейік, 22 қазанда «Барыс» өз алаңында «Локомотивті» қабылдайды.

«Динамо» (Минск, Беларусь) — «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 6:5 (2:2, 1:2, 3:1)Шайба соққандар:0:1 — 00:45 Лилья (Савицкий, Берглунд). 0:2 — 07:27 Лилья (Волк, Михайлис). 1:2 — 10:23 Демков (Бенгтссон, Бек). 2:2 — 19:59 Теденбю (Стремвалль, Кемпе). 2:3 — 27:19 Диц (Волк, Михайлис). 3:3 — 35:52 Теденбю (Усов, Альмквист).3:4 — 36:19 Диц (Гурков, Шестаков). 4:4 — 45:10 Усов (Бек, Линдхольм). 5:4 — 51:02 Кемпе (Бек, Альмквист). 6:4 — 51:13 Граовац. 6:5 — 51:33 Лилья (Савицкий, Альсинг). Қақпашылар: Большаков — Ортио.