15-17 қазан күндері Ақтауда каратэден ересектер арасындағы ел чемпионаты өтті. Турнирге еліміздің 13 облысынан 25 спортшы қатысты деп хабарлайды Olympic.kz.

Командалық ката бойынша әйелдер арасындағы бәсекеде Батыс Қазақстан облысы топ жарды. Жекелей сында Лия Қошқарбаева үздік шықты.

Ерлер арасында Қызылорда облысы көш бастаса, жекелей сында Түркістан облысының өкілі Мәди Қатешов жеңіске жетті.

Чемпионатта Азия ойындарының жеңімпаздары Андрей Ақтауов (55 келі) пен Гузалия Гафурова (68 келі) өз салмақтарында топ жарды.

Токио Олимпиадасында сәтсіздікке ұшыраған Мөлдір Жаңбырбай 55 келіде, Нұрқанат Әжіқанов 75 келіде жеңімпаз атанды.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Маңғыстау облысының командасы иеленді. Екінші орында Түркістан, үшінші орында Қызылорда облысы жайғасқан.