Жақында ғана әуесқой бокстан ресми түрде кәсіпқойға ауысқан әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетовтің келесі жекпе-жегін қашан өтетіні белгілі болды.

Бекзад Нұрдәулетов кәсіпқойдағы үшінші жекпе-жегін 6 қараша күні Ақтау қаласындағы «Халық Арена» спорт кешенінде өзбек боксшысы Фаррух Джураевпен өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық боксшы кәсіпқойдағы мансабын былтыр ғана бастаған. Екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңісе жетті.