Қазақстандық боксшы Талғат Шәйкеннің (5-0, 3 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

21 жастағы Талғат 26 қазанда Алматыда өтетін Tukeshov Boxing Promotions бокс кешінде өнер көрсетеді. Қарсыласы 42 жастағы Омар Марабаев (1-9) болады.

Айта кетейік, Шәйкеннің кейінгі жекпе-жегі 10 шілдеде Алматыда өтті. Онда ол жетінші раундта ресейлік Александр Шароновты нокаутқа жіберді. Ал Марабаев 28 шілдеде Алматыда Әділет Дамешовтен жеңілді.