Шорт-тректен 2021/22 жылғы маусым ресми түрде басталуға жақын. 21-24 қазан күндері Бейжіңде әлем кубогінің бірінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Кубоктік кезең 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасына іріктеу турнирі саналады. Сондықтан, барлық спортшылар үшін бұл бәсекенің маңызы зор.

Осы орайда, Мәдіғали Қарсыбеков жаттықтыратын Қазақстан командасы Бейжіңге келді. Бүгінде команда мүшелері дайындықты бастап кетті.

Әлем кубогінің бірінші кезеңінде Қазақстан атынан сынға түсетін спортшыларды назарларыңызға ұсынамыз.

Ерлер: Абзал Әжіғалиев, Еркебұлан Шамұханов, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Қажығали;

Әйелдер: Ольга Тихонова, Мадина Жанбосынова, Алена Волковицкая, Яна Хан, Әлия Әмірғалиева, Әсел Тайшыманова.