Шымкентте бадминтоннан жекелей-командалық Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған республикалық бәсеке Шымкентте орналасқан Орталық-Азия бадминтон орталығында ұйымдастыырлады. Ел біріншілігіне Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Алматы, Түркістан және Батыс, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент, Алматы қалаларынан командалар қатысады.18 қазан күні басталатын дода 24 қазанға дейін жалғасады.