Қазақстан құрамасы мен қостанайлық «Тобылдың» қорғаушысы Дмитрий Мирошниченконың табанына ота жасалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір сары-жасылдардың қорғаушысы Мюнхен қаласының емханасында жатыр.

Осы маусымда Мирошниченко 22 матч өткізіп, 3 гол соқты.