Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы қызылордалық Рахат Бекболат енді ересектер арасында сынға түседі.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған ауыр атлет Рахат Бекболатпен кездесті. Жүздесуге облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, облыстық ауыр атлетика федерациясының президенті Темірхан Кенжебаев, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Нұржан Смаханов және ауыр атлетикадан 4 дүркін әлем чемпионы Илья Ильин қатысты.

Қызылордалық 17 жастағы зілтемірші 11 қазан күні Сауд Арабиясының Джиддада қаласында өткен әлем чемпионатында 102 келіге дейінгі салмақта алтыннан алқа тақты. Ол қоссайыстың қорытындысымен 355 келі салмақты еңсерді.