16 қазанда Қарағанды, Шымкент, Ақтөбе және Оралдағы матчтар футболдан Қазақстан чемпионатының 24-турының бағдарламасын ашады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де Оралдың «Ақжайығы» мен түркістандық «Тұран» арасындағы матч басталады.

Сағат 17:00-де «Шахтер» – «Каспий» кездеседі.

Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де Шымкентте Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда жергілікті «Ордабасы» «Атырауды» қабылдайды.

Ойын күні Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де басталатын «Ақтөбе» мен алматылық «Қайрат» кездесуімен аяқталады.